Все колыбельные с видео с текстами Казахские колыбельные
Айым болып тудың ба?
Күнім болып тудың ба?
Ата жолын қудың ба?
Әке жолын қудың ба?
Бұл дүниеге келген соң,
Сұрауы бар судың да.
Қуанышым, арай жүз
Сөйлесерміз талай біз
Бар ағайын жиналып,
Мәз боп саған қараймыз
Сендей бала ешкімде
Болмаған деп санаймыз.
Әлди, әлди, балашым,
Әлдилейді анашың.
Бесігіңе жата ғой,
Тәтті ұйқыға бата ғой.
Әлди, әлди, әлди-ау,
Әлди, әлди, әлди-ау.
Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем!
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін,
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тызып берейін.
Әлди, әлди, алақай,
Жыламаша, балақай!
Басына, сенің жарасқан,
Апам тіккен, малақай!
Әлди, әлди аппағым!
Қойдың жүні қалпағың.
Жұрт сүймесе, сүймесін,
Өзім сүйген аппағым!
Әлди, әлди ағайын!
Атқа тоқым жабайын!
Сенің шешең қыдырмақ,
Оны қайдан табайын!
Әлди, әлди алқамай!
Етегінде талқан-ай.
Жейін десе тісі жоқ,
Оны менен ісі жоқ!
Жми лайк!
комментарии